«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі. «Кинотуындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмысын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді», – делінген киностудия мәліметінде.  width= Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кезеңде мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады. Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды.