Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді
ашық дереккөзі
Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті – бактерия тіршілігінің белгісін іздеу. Ғалымдардың пікірінше, Марста 3-4 миллион жыл бұрын ғаламшарда су бар кезде тіршілік болуы ықтимал. Perseverance (Персеверанс) – осы айда Марсқа келген үшінші ғарыш аппараты. Бұған дейін планетаның орбитасына БАӘ мен Қытай роботы ұшып жетті. Үш миссия да Жерден 2020 жылдың шілдесінде аттанған. Ровер Туиттерде ашылған парақшасында «Сәлем, әлем. Мен мекенімде алғаш мыналарды көрдім», - деп жазып, Марс бетінен түсірілген суретті жариялады. Сондай-ақ ол Езеро кратерінің кадрын да жариялады. Екі бейне де жаңа аппараттың планетадан түсіріп жолдаған алғашқы суреті. Марсқа қону өте қиын. Айға қарағанда онда сирек атмосфера бар. Мұндағы миссиялардың тек 40%-ы ғана сәтті аяқталады. Америкалық Perseverance роверін Атлас-5 зымыран-тасығышы АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 2020 жылдың 30 шілдесінде алып ұшты. Жарты жыл ішінде ғарыш кемесі Жерден Марсқа дейін шамамен 500 миллион шақырымды ұшып өтті.