Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде
ашық дереккөзі
Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап қар аралас жаңбыр жауды, ал 25 ақпанда түнгі сағат 1-ден бастап қар жауа бастады, ауа температурасы минус 10 градусқа дейін күрт төмендеді. Сағат 9.00-де қалада 20-30 см, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 30-40 см қар жауды. Алматының жастар ресурстары орталықтарының еріктілері қарт адамдардың үйлері маңындағы және аулаларындағы қарды тазалау акциясына шықты. Қар тазалау шарасына 30-ға жуық жас қалалықтар қатысты.  width= Бұлардан өзге, Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының 200-ден астам белсенділері мен қалалық еріктілер ұйымдарының мүшелері коммуналдық қызметкерлерге қаланы қардан тазарту жұмыстарына көмектесіп, қолдау көрсетті. Жас отандықтар оларға ыстық шәй ұйымдастырды. Таңнан бері қарай қаланы қардан тазарту жұмыстарына 1653 жол жұмысшысы, 653 техника бірлігі, оның ішінде 205 құмлақтырғыш жұмылдырылды.