Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ
ашық дереккөзі
Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Ник Клегтің сәрсенбі күні жариялаған блоктағы мәлімдемесінен белгілі болды. Қазақпараттың жазуынша, Австралия билігімен даулы жағдайды реттеу туралы түсініктеме берген Клегг Facebook-тің жаңалық таратушы басылымдармен серіктестік қатынастарды ретке келтіруге ниетті екеніне сендірді. «Сондықтан біз 2018 жылдан бері ақпарат индустриясын қолдауға 600 млн долларды инвестициялап, алдағы үш жылда тағы 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отырмыз», – деп ақпараттандырды ол. Facebook вице-президенті америкалық компанияның өткен айда The Guardian, The Daily Telegraph, Financial Times, Daily Mail, Sky News және тағы басқа БАҚ-тардың әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған контент үшін төлем жасау бойынша келісім жасалғанын еске салды. Осыған ұқсас келісімдер америкалық ақпарат таратушы басылымдарымен жасалды, сонымен қатар Германия және Франция елдерінің БАҚ-пен белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.