Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты
ашық дереккөзі
Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті. Қазіргі таңда облыс аумағында боран соғып, бұрқасындатып тұр. Талдықороған-Үшарал бағытында қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқышы бар көліктерге қозғалыс шектелді. Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты Алматы-Өскемен тас жолынан Қапал Арасан шипажайына дейінгі 45 шақырым жол көліктің барлық түріне жабылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері алыс сапарлардан бас тартып, сақ болуды ескертеді.