«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?
ашық дереккөзі
«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл тұрғын үй кімге, қандай жастарға, яғни қандай сала қызметкерлеріне беріледі? Жақында Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты негізгі талаптарды бекітеді. Жалпы тұжырымдама бойынша басты талап – жасы 35-тен аспауы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекке тұра алмайтын жастар санаттары қарастырылуда. Бүгінгі тұжырымдамада БАҚ өкілдері, бюджет саласының қызметкерлері – полицейлер, мұғалімдер, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері бар, бұл тізім әлі де толықтырылады. «Отбасы банкінің» ұсынысы бойынша бағдарламаға IT-саласы қызметкерлерін қосу ұсынылып отыр», – деп түсіндірді Жансұлтан Матай. Бұған дейін Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының наурыз айында басталатынын хабарлаған еді.