Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді
ашық дереккөзі
«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды қоюға 4 000-нан астам әртісті жұ­мыл­ды­рады. Осын­дай атақты цирк ұжы­­мының құрамын­да отан­дасы­мыз Ернұр Сыз­ды­қов та бар. Кезінде батут­та се­кіруден Қазақстан ұлт­тық құрама­сын­­да болған ол соң­ғы екі жыл­да «Дю Солей» ұжы­­мы мен аргентиналық фут­болшы Лио­нель Месси­дің Messi 10 шоуы­на қаты­сып жүр. Панде­мияға байланысты қазір елге оралған Ернұрмен хабар­ла­сып, әңгіме­лес­кен едік. шоу Месси – Сіз туралы дереккөздерді ақтар­сам, осыдан бірнеше жыл бұрын батут­та секіруден Қазақстан ұлттық құра­ма­сының көшбасшысы болыпсыз. «Қай­тсем де Олимпиада чемпионы атана­мын» деп жүрген Ернұр спорттан не­лік­тен ерте қол үзді екен? – Иә, түрлі әлемдік жарыстарда ел на­мы­сын қорғадым. Азия чемпионатының жүл­дегері атандым. Жалпы, елде өтетін бі­рін­шіліктерде үнемі бірінші, екінші орынды ие­ленетінмін. Алайда 2014 жылы спортпен қош айтысуға мәжбүр болдым. Ұлттық ко­мандаға мүше акробаттардың арасынан жо­ғары нәтиже көрсетіп жүргендіктен, Инч­хонда (Оңтүстік Корея) өткен XVII жаз­ғы Азия ойындарына баруым керек бо­латын, алайда ол айтулы жарысқа бап­кер­лер мені апармай қойды. Сөйтсем, олар Туризм және спорт министрлігіндегілерге «Ернұр үнемі қисық секіреді, нәтижесі онша емес» деп, мені тізімнен алып тастапты. Ақырында Инчхондағы жарысқа Қазақстан атынан нәти­желері менен әлдеқайда төмен акробаттар қатысты. Бірақ мен бұл әділет­сіздікке шыдай алмай, астанаға барып, министрмен тікелей кездесіп, болған жағдайды баяндап, шағымымды айттым. Ірі жарыстарға іріктейтін бөлім басшы­ларына соңғы үш жылда көрсеткен нә­тижелерімді көрсетіп, менен төмен орын алып жүрген­дер неге Азия ойындарына барады, ал мен неліктен бармаймын деп ренішімді бі­л­дірдім. Содан бапкерлерге ескерту жасал­ғанымен, ештеңе өнбеді. Біздегі бапкерлер жеке шәкірттерін жақын тартатын, ал ол атлеттің нәтижесі төмен бе, әлде жоғары ма, оларды қызықтырмайтын. Сөйтіп, құлшынысым кеміп, спортты тастап кеттім. Дегенмен, жатсам да, тұрсам да Олимпиада чемпионы атануды арман­дап жүрген маған бұл шешімді қабылдау оңай болмады. Жалпы, мен кішкене күнімнен тынымсыз бала болып өстім. Бір орында тұрмайтын­мын. Сөйтіп, ата-анам асып-тасып тұрған энергиямды пайдалы бір іске жұмсасын деп, гимнастика сек­циясына ертіп апарса керек. Бапкерім «Ернұр, мынадай қиын бір трюк жасап көр­сек қайтеді?» десе, ойланбастан бірден ке­лісетінмін. Осылай­ша, деңгейі қиын жат­тығулар жасауды үй­ре­ніп алған соң, әл­бетте, үлкен спорттан қол үзу қиынға соға­ды. – Ал Алматыдағы Қазақ мемлекеттік цир­кіне қалай келдіңіз? – Ұлттық командада сарбаз секілді жү­ре­тінмін, таңнан кешке дейін жаттығатын­мын. Сол режимге үйреніп қалған мен спорт­тан кетсем де, жаттығу залынан шық­пай, шынығып жүрдім. Сол залда Алматы циркінде жұмыс істейтін жігіттер де жат­ты­ғатын. Олар «Бізбен бірге циркке жүрсеңші» деп ұсыныс айтты, сөйтіп цирк деген жөні «бөлек» әлеммен таныстым. Негізі, циркке жұмысқа тұрамын деп ешқашан ойланбап­пын. Құрамадан шығып қалған соң, нәпақа табу, ата-анама көмек­тесу үшін фитнес-жаттықтырушы боламын деп жүргенмін. Алайда циркте жұмыс істеу маған ұнап қалды. Онда мені көп нәрсеге үйретті, әсіре­се алтыбақан арқылы секіруді үйрендім. Бір секіргенде сегіз метрге дейін секіретінмін. Сөйтіп, Алматы циркінде үш жылдай жұ­мыс істеп, кейіннен «Дю Солей» циркінің труппасына қабылдандым. – Сол «Дю Солей» циркінің өкілдері бі­­рінші рет сізді ұлттық құрамамен әлем­дік жарыстарда өнер көрсетіп жүр­ген жеріңізден байқап, труппаға ша­­қырған деседі. Сол рас па? – Иә, ол рас. 2010 жылы Франция­ның Мец қаласында өткен әлем чем­пионатын ұйым­дастыруға «Дю Солей» циркі демеу­шілік етті. Жалпы, цирктің жұмысы біздің спортпен тығыз байла­нысты болғандықтан, олар гимнастшылар мен акробаттар өнер көрсететін ірі жарыс­тарға үнемі қолдау біл­діреді. Ал әлем чем­пионатына кілең мық­ты атлеттер қа­ты­сатындықтан, цирк өкілдері өз шоула­ры­на қажетті мамандарды қарасты­рып жүреді. Сөйтіп, сайыстың ба­рысын бақылап, спортшылардың нәти­желері мен трюктерін түртіп алады. Ал мен жоғарыда айтып өткендей, трюк жасау десе, ішкен асымды жерге қоямын. Әсіресе, винт жасағанды ұнатамын. Сол жаттығуды жасағанымда тіпті Олимпиада чемпион­дарының өзі санай алмай, таңғалып «Жаңа сен қанша винт жасадың?» деп сұрайтын. Сол жаттығуды жасап біткен соң, «Дю Солей­дің» өкілдері қасыма келіп, өздерін таныс­тырып: «Өнеріңізді тама­шала­дық. Жақсы секіреді екен­сіз. Біздің циркте өнер көрсетуге қалай қарай­сыз?» деп ұсыныс біл­дір­ді. Әлі есімде, сол кез­де олардың бет­те­ріне қарап: «Жоға, рақ­мет! Қайдағы цирк? Мен Олимпиадаға баруым керек!» деп күл­генмін (күліп). Ол уақытта 19 жас­тамын, цирк өнерінің құдыретін байыбына барып түсінбейтінмін.  width= – Ал Алматы циркінде жұмыс істеп жүр­генде олар екінші рет ұсы­­ныс біл­дірді ме, әлде әуелгі райыңыз­дан қай­тып, циркпен бай­ланыс орнатуға өзіңіз ықылас таныт­тыңыз ба? – Екінші рет өзім талпындым. «Дю Со­лей» циркінде Гауhар Ахметова атты әпкем­дей болып кеткен гимнастшы қыз өнер көрсетеді. Сол Гауhар мені бұрыннан «Дю Со­лейге» шақыратын. Бірде Алматы циркі­нің құрамымен гастрольдік сапарда жүр­ге­німде Гауhардың айтқандары есіме түсіп, атал­ған циркке атлет болып қабылдануға өзім талпынып көрейін деп шештім. Сөйтіп, елге келген соң, өзім жасай алатын қиын трюк­тер топтамасын жинастырып, «Дю Солей­дің» Лас-Вегастағы кастинг өткізуге жауап­ты бөліміне жібердім. Арада екі күн өт­кен соң, аталған бөлімнің өкілдері хабар­ласып, өздері ұсынған трюктерді орындап, видеоға түсіріп жіберуімді сұрады. Ақы­рын­да олар менің өнерімді бағалап,  2017 жыл­дың соңында труппаға қабылдады. «Дю Солей­дің» шоуларына қатыстырмас бұрын, олар мені жарты жыл бойы жаттықтырды. Қан­ша жерден кәсіби акробат болсам да, мен үйренетін нәрселер көп екен. Сол жар­ты жылдың ішінде әлем билерінің түр-тү­рін меңгердім. Сонымен қатар, сахнада бас кейіпкердің рөлін сомдауды және екінші план­дағы атлет болуды үйрендім. Сондай-ақ, арнайы мамандар базалық грим жа­сау­дың қыр-сырын үйретті. Сосын шоуға ілін­ген соң, әр шоуға тән арнайы грим жа­ғу­ды бөлек үйретеді. Түрлі аспапта ойнауға, ән айтуға баулиды. Кейіннен PPP (Performance Preparation Program) бағдарламасын то­лығымен меңгеріп, цирктегі тәжірибелі ат­леттермен тең өнер көрсете алатын қа­білет-қарымыңды көрсеткен соң, тақы­рып­тық шоуларға бөледі. Қазір «Дю Солей» хо­реографтары әзірлеген 50 шоу әлемнің түк­пір-түкпірінде қойылады. «Дю Солей» – жануарларсыз өнер көрсетуімен әлемге танылды. Цирктің негізін қалаушылар көрерменді жануарсыз-ақ, адам қолымен жасалатын өнер арқылы, атап айтсақ гим­настшылар мен акробаттардың ше­бер­лігімен жаулап алуға болатынын дәлелдеді. Сол себепті күллі әлем жұртшылығы «Дю Солейдің» еңбегін ерекше бағалайды, цирк атлеттерінің өнеріне тамсана қарайды. Мұнда тек атлеттерге емес, сонымен қатар, сахнаны безендіру жұмыстары, атап айтсақ, де­корация, костюм, дыбыс, әртүрлі жарық­тар мен қойылымдық техникаға ерекше мән беріледі. «Дю Солей» қойылымдарының ба­ғасы қымбат дегенді жиі естиміз, бірақ ол қойы­лымдар сол бағаға тұрарлық. Жарты жыл бойы әзірлеген бір қойылымды көр­сеңіз, денеңіз тітіркеніп, ерекше күйде бо­ла­сыз. Шыққан соң да, алған әсеріңізді ай­тып тауыса алмай жүресіз. – Ендігі кезекте өзіңіз соңғы екі жыл­­да қатысып жүрген Messi 10 шоуын сөз етсек. Әлем бойынша үздік­тер­дің үздігі саналатын аргентиналық фут­болшы Лионель Мессидің өмірін си­паттайтын бұл шоуға қанша уақыт дайындалдыңыздар және пандемияға дейін қанша елде сахнаға шығарып үлгердіңіздер? – Лионель Месси әлемдегі нөмірі бірін­ші футболшы, ал «Дю Солей» нөмірі бірінші цирк болғандықтан, екі тарап Мессидің аты­нан шоу ұйымдастыруға келіскен. Атал­ған шоуға жарты жыл бойы тыңғылықты дайын­далдық. Месси Барселонада тұратын­дық­тан, 2019 жылғы қазан айында сол қа­лада шоудың тұсауы кесілді. Онда 60-қа тарта шоу қойған соң, 2020 жылғы қаңтар айын­да Катар елінің астанасы Доха қала­сын­да өнер көрсеттік. Кейіннен, өзіңіз біле­тін­дей, пандемия басталып кетіп, бар­лы­ғымыз өз елімізге қайтуға мәжбүр бол­дық. – Шоудың тұсаукесеріне қатысқан Мес­си әлеуметтік желідегі парақша­сын­да айтарға сөз таппай отырғанын, өміріндегі ең ерекше кештердің бірі еке­нін айтып, бүкіл труппаға риза­лы­ғын білдірді. Жалпы, бұл шоудың кон­цепциясы қандай? – Месси бұл шоуға өз отбасымен қатар, жа­қын достарын, «Барселона» клубында бір­ге ойнайтын әріптестерін ертіп келді. Со­нымен қатар, әнші Шакира мен соңғы уа­қытта әлемдік рейтингте көш бастап тұр­ған «Қағаз үй» сериалының әртістері келіп та­машалады. Концепциясын сұрасаңыз, сах­на кәдімгі футбол алаңы секілді жасақ­тал­ды. Екі жаққа екі қақпа қойылып, ортада тө­реші жүгіріп жүрді. Жалпы айтқанда, кө­рермендерді стадионда отырғандай се­зіндіру керек болды. Бұл шоуда Мессидің ба­ла күнінен бастап қазіргі кезіне дейінгі өмі­рін би,  трюктер арқылы сипаттауға ты­рыстық. Оның өміріндегі қызықты дерек­тер­ді көрсеттік, мысалы, кішкене кезінде бұзық бала болғанын сипаттадық, оны әлем мойындаған футболшы атағына қол жет­кізуі­не септігін тигізген ата-анасына деген құр­­метін, салған голдарын, жанкүйер­лері­нің қолдауын, тіпті жарақат алғанына дейін көрерменге жеткізуге тырыстық. Не­гізі, осы жаз бойы бұл шоуды Мессидің ота­ны Аргентинада қоюымыз керек бола­тын. Қазір коронавирус салдарынан, шоу­дың қашан жалғасатыны белгісіз.  width= – Әлеуметтік желідегі парақшаңыз­дан байқағанымыздай, қазір Алматы циркінің әртістерімен бірге жаттығып, небір қиын трюк­тер жасап жүр екен­сіз. Соған қараған­да «Дю Солейде» жү­ріп, жиған-терген тәжі­ри­беңізді бұрын­ғы әріптестеріңізбен бөлі­сіп жүр­генге ұқсайсыз? – Негізі, мен бар білгенімді бөлісуге әзір бол­ғанмын. Бірақ, басшылық мұны қала­мады. Айта кетерлік жайт, Алматы цир­кін­дегі әріптестермен кезінде бір нанды бө­лісіп жеп, гастрольге жиі шыққандықтан, қа­зір бір үйдің баласындай етене ара­ла­самын. Оларды ерекше жақын тартамын. Екі жыл бұрын демалыста елге келгенде Ал­маты циркіне өз тәжірибеммен бөлісейін деп алып-ұшып жетіп барғанмын. Оның үстіне, шетелден әрқайсысына сыйлықтар алып келгенмін. Ғимаратқа кіргенде, күзет­шілер «Саған кіруге болмайды. Циркке қатысың жоқ» деп кіргізбей қойды. Арғы бет­тен шыққан манеж инспекторы қыз­метін атқаратын үлкен кісі де маған циркке кіруге болмайтынын жеткізді. Үш жыл қалтқысыз қызмет еткен өнер ордасына неліктен кіргізбей, кеудем­нен итергенін түсіне алмай қойдым. Сосын екі айдан соң, отандық бір телеарнаның журналистері хабарласып, Алматы циркінің елу жыл­ды­ғына байланысты пікір білдіруімді өтін­ді. Сондай-ақ, олар мені басты кейіпкер етіп, сюжет жасамақшы екен. Бірақ, мен бірден бас тарттым. Сізге өтірік, маған шын, олар ма­ған «Ойланып көріңізші!» деп он рет ха­бар­ласты. Журналистердің жұмысын, еңбе­гін бағалаймын, бірақ цирк директорының маған қарсы жасаған әлгі қылығы есімнен кетпейді. Сол үшін де цирк туралы еш пікір бермедім. Сосын бірер күннен соң, директордың өзі хабарласып, журналис­терге сұхбат бермеуімнің себебін сұрады. Мен «алдында барғанда үйіңізге кіргізбей қойдыңыз, енді қонаққа шақырып тұрсыз ба?» деп тұтқаны қоя салдым. Қазіргі таңда бала­ларды жаттықтырып жүрмін. Айтпақ­шы, ұмытып барамын, өткенде YouTube платформасында елімізге белгілі бір продюсерге сұхбат берген соң, ұлттық ко­ман­даға мүше болғанда мен жаттыққан жат­тығу залының бұрынғы директоры ха­бар­ласты. Негізі, спорттан кетуімнің басты себептерінің бірі сол кісі болатын, себебі ол мені ұлттық құрамадан шығарып жі­берген. Сөйткен ол маған қоңырау ш­алып: «Ернұр, мені таныдың ба? Мен сияқ­ты адамдарды қазір танымай қалған болар­сың? Есіңде ме, екеуіміздің арамызда бір жанжал болған, сол кезде сені түсінбеппін. Менікі дұрыс емес екен. Батутта секіруден сені мықты үйретеді деп барлығы шулап жатыр. Менің бір танысымды үйрете аласың ба?» дейді. Ол кісіге де көмектесуден бас тарттым. Негізі, мен кекшіл адам емес­пін. Бірақ, кезінде дамиын, айналамды да дамытайын деп құрақ ұшып жүгіріп жүрген мені аяқтан шалып, адам құрлы көрме­гендер көңілімді қатты қалдырды. Ал бірақ үйренемін деп талпынып, тырмысып жүр­ген жастарға бар білгенімді үйретіп, тың­ғылықты жаттықтырып жүрмін. – Өзіңіз атап өткендей, былтыр Қазақ циркінің құрылғанына 50 жыл тол­ды. Біздің цирктерді «Дю Солей­мен» салыстыруға келмейтіні белгілі жайт, десек те қазақстандық көрер­мен­ді дәл сол «Дю Солейдің» қойы­лым­дарын тамашалауға асығатындай дең­г­ейге жеткізу үшін бізге не істеу ке­рек деп ойлайсыз? – Мен қазіргі жүйені жойып, барлығын басы­нан бастар едім. Цирк басшылығына цирк­ке қа­тысы бар мықты маманды та­ғайын­дар едім. Қазақ цирк өнеріне жаңа ой, тың идея ке­рек. Ал мұның барлығын тек жас­­тар ойластыра алады. Бізді­кілерге Кеңес Үкі­метінен келе жат­қан әдіс – ит пен мы­сықты жаттық­тыра беруді доғару керек. Елге келгенде цирктегі хореографтарға, әр­тіс­терге менде осындай қызықты ойын­дар, ойлар бар деп айтқанмын. Жоғарыда айтып өт­кен­дей, жарты жыл бойы үйреткен PPP кәсіби бағдарламасында бар үйренге­нім­ді цирктегі өз әртістерімізге үйретейін де­ген едім. Оған да мүмкіндік бермеді ғой. – Ал өзіңіз Олимпиада алтынын ала алмай кеткен акробатика спортынан қазақстандық спортшылардың аяқ алысын ара-тұра бақылайсыз ба? – Әлбетте, бақылаймын. Жалпы, біздің спорт­пен айналысатын спортшы жарысқа бір барғанда үш медаль ала алады, ал гим­настшы он медаль иелене алады. Сол себеп­ті бұл спортқа ерекше мән берілсе екен дей­мін. Сөздің шыны керек, қазіргі спорт­тық гимнастиканың жағдайы мәз емес. Бұры­нырықта Ернар Ерімбетов десе, көп­ші­лік бірден оның кім және қай спорт түрімен айналысатынын білетін. Ал қазір біздің спортта ондай адам жоқтың қасы. Бізде акро­батикамен кәсіби түрде шұғылданып жүр­ген жастар жетерлік, алайда олар өз-өз­дерін танытуда айтар­лық­тай белсенді емес.