Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды
ашық дереккөзі
«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 10 мыңға жуық өкілі, оның ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар 2% ипотекалық қарызбен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы бекітілген, тұрақты және өзгертілмейді», – деді ол. 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылғы кезеңнен 17% жоғары. Әкімдіктер 28 мың пәтерді немесе елде салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ын белгіленген бағамен тапсырған. Отбасы банкі арқылы халыққа «Бақытты отбасы» және «5-10-20» әлеуметтік бағыттарын қоса алғанда, 145,7 млрд теңгеге 14,3 мың жеңілдетілген несие берілген. Биыл барлық қаржы көздері есебінен 17 млн шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр.