Алғыс айту – ардың ісі

Алғыс айту – ардың ісі

Алғыс айту – ардың ісі
ашық дереккөзі
Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің ауасымен ты­ныстап, еркін тірлік кешіп жа­тыр. Жалпы саны он тоғыз мил­лионға енді жеткелі отыр­ған Қазақстан сияқты дамушы, жас елде осынша этностың бір-бірімен тату-тәтті жасап жатуы – мемлекеттің құқықтық нор­ма­лары­ның іс жүзінде қа­лай іске асқаны ғана емес, мұ­­ның арғы түбінде мемлекет құрау­шы ұлттың гу­манистік бол­мысы жатыр. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мы­надай сөз­дері бекіте түседі: «Біздің ба­ба­лары­мыз халықтың басына түскен ауыр сы­­нақ­тарға төтеп беретін күш-қуат дарыт­қан туған жерге және тағдырына риза се­зім­­де болған. Олар әскери шапқыншылық жыл­дарында, қуаңшылық немесе жұт ке­зін­де көмекке келген жақындарына, туыс­тары мен көршілеріне әрдайым алғыс айт­­қан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін жә­­не жер аудару сияқты қайғы-қасірет жыл­­дары миллиондаған адам бір-біріне көр­сеткен көмегі мен қолдауы үшін риза­шы­лық танытты. Бұл барынан айы­рылған адам­дарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жал­ғау­ға, өмірді қайта бастауға күш берді» (2016 жылы Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сын­да сөйлеген сөзінен). Қазақ еліне өзге ұлт өкілдері қалай келіп сіңісті, олар­дың осы жерді тұрғылықты мекен ете бастауы қай кездерде бас­талды, әу баста қазақ даласына өзге ұлт өкілдерін әкеліп қо­ныстандырудың қандай саяси мақсаты бар еді деген сұрақтарға нақты жауап табудың түк те қиындығы жоқ. Сондықтан мәселенің бұл жағын баса айтудың орнына бүгінгі және алдағы уақытта Қазақстандағы өзге ұлт өкіл­дері мен мемлекет құраушы ұлттың арасындағы бірлік пен туыстыққа негізделген қарым-қатынастың қалай дами­тыны жөнінде ойлаған дұрыс. Бұрын жыл сайын көктемнің алғашқы күні – 1 наурызда Қа­зақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтіліп жататын, енді ол күні 2016 жылдан бастап «Алғыс айту» күні ретінде тойланып келеді. Себебі Елбасы 2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлық­қа қол қойған болатын. Бұл да әлем­дік қоғамдастықта салмақты орны, саяси-экономикалық жақтан даму­да өз жолы бар Қазақстанның ерек­шелігін айқындап тұратын бір ны­шан болса керек. «Елбасы белгілеген бұл мейрам – өзара құрмет пен сенімнің, мейі­рім мен ізгіліктің мерекесі. Қазақ жұр­ты қиын-қыстау кезеңде амал­сыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да же­рімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қа­зақ­станның дамуына зор үлес қос­ты. Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сый­лас­т­ық жолындағы ниетіміздің то­ғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс ай­тамыз. Тәуелсіздік кезеңіндегі та­быстарға береке-бірліктің арқа­сында ғана қол жеткіздік. Бұл – еге­мен еліміздің баға жетпес байлығы. Сон­дықтан бұл қастерлі құнды­лық­тар әрдайым айнымас темірқа­зы­ғымыз болып қала береді. Ішкі сая­си тұрақтылық – әрбір қазақ­стан­дықтың зор жауапкершілік пен бел­сенділік танытуының нәтижесі», – дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Жалпыға мәлім, орыс, татар, ұй­ғыр, дүнген секілді этнос­тардың Қазақ­стан­ға түрлі сая­си жағдайларға байланысты екі ға­сырдай бұрын ке­ліп қоныстана бастаса, Екінші дү­ниежүзілік соғыс кезінде Кеңес өкіметі тарапынан саяси сенімсіздік та­нытудың кесірінен туып-өскен жер­лерінен зорлықпен көшіріліп, қа­зақ еліне әкелінген шешен-ингуш, түрік, күрд, неміс, корей, қырым татарлары, грек т.б. секілді ондаған ұлт осы ел­де ес жиып, тұрақтап қалды. Сондықтан кеңестік кезеңде елі­мізге күштеп көшіру арқылы келген халықтарды зерттеудің маңызы ерекше. Себебі сырттан келгендердің жергілікті халықпен тез тіл табысуына қазақ халқының адам­гершілік қасиеті үлкен әсер ет­кені анық. Бұл жайында Қазақ­стан­ның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «ХХ ғасырда Қа­зақстанда көпэтносты халық қа­лыптасты. Столыпин реформасы ке­зіндегі шаруа­ларды қоныс­тан­дыру бары­сында Қазақстанға  Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 адам келді. 30-жыл­дары ұжым­дастыру кезінде бұрын­ғы КСРО-ның орталық өңірлерінен тәр­кілеу­ге түскен 250 мың шаруа жер ау­дарыл­ды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарының құры­лы­сына 1,2 миллион адам келді. Ста­лин режимі кезінде тұтастай бір ха­лықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік Кав­каз халық­тарының өкілдері, 18,5 мың корей отбасы Қиыр Шы­ғыстан жер ау­дарылды. Оларды тауар вагондары­на тиеп, қақаған қыс­та ашық далаға әкеп тастады. Ол кездері мұнда тек қа­зақтар ғана тұратын. Өздері жоқ­шылықта отыр­са да, қазақ от­ба­сы­лары олар­ды үйлеріне кіргізді. Со­лардың бірі біз­дің үй болатын», – деуі талай нәр­седен хабар берсе ке­рек. Мынаны ашық айтқан дұ­рыс: кеңестік саясаттың қа­зақтарды жуасыту үшін жасаған қу­лықтарына құрық бойламайды. Қа­зақты Голощекин басқарған тұс­та аштан қыру, репрессияға ұшы­рату арқылы қатарын әбден сел­ді­ре­тіп алып, содан соң ғана сырттан көп­теген ұлттардың көшіріп әкелуінде бір гәп бар. Біздіңше ол –  мемлекеттік жазалау шараларынан әбден запы болған, сондай-ақ өз жерінде азайып қалған халықтың өзгелерге қарсы тұрар қауқары бол­майды деп санаған болса керек. Бі­рақ әрбір істің қайыры бар, қызыл империяның тұтқасын ұстаған­дар­дың ойлағаны орындала қойған жоқ: қазақтар сырттан келгендерді жатсынбай бауырына тартып, олар­мен қолындағы нанын бөлісіп жеп, тағдыр тәлкегіне ұшырағандарды аштан қырылып кетуден сақтады. Бұл өсіп-өнген, мемлекет құрып, қо­­ғамдық дамудың жоғары дәреже­сіне жеткен үлкен елдің болмысы еді. Сырттан өзге халықтарды кө­шіріп әкелудің тағы бір зы­миян жоспары болатын, ол түрлі ха­лықтардың бір-бірімен қарым-қа­тынас жасауда орыс тілін еріксіз пайдаланып, сол арқылы олардың ана тілдері (ішінде, әрине қазақ тілі де бар) екінші орынға ысырылып кетсе, бұл елдегі халықтарды түп-та­мырынан оңай айырып, дүбәрә­лан­дырып жіберу оңай болады деп ойлады. Алайда бұл жоспар жар­тылай ғана орындалды деуге бо­лады. Себебі қазақ еліне шеттен зор­лықпен көшіріліп әкелгендердің ұрпағы бұл кезде жергілікті халық­пен етене араласып, қазақ тілі мен салтын үйреніп, сол арқылы аз да бол­са қазақ халқы өзге этностарға рухани ықпал жасай алды. Мәселен, еліміздің қазағы қалың батыс және оңтүстік облыстарын мекен еткен өзге ұлт өкілдерін айт­пағанда, Ресейге жақын өңір са­налатын солтүстік және шығыс ай­мақтағылардың араларында да қазақ тілін, дәстүр-салтын жете мең­гергендер аз болмады. Бірақ шы­нын айту керек, сол тұста елімізде күшті жүргізілген орыстандыру сая­саты жемісін бермей қалмады: елімізде сегіз жүзге жуық қазақ мек­тептері жабылып, қазақтармен бірге қазақ мектебінде тәлім алып жат­қан өзге ұлт өкілдері де қазақ тілі­нен алшақтап кетті. Міне, осының бәрі еліміз тәуел­сіздік алған отыз жыл­дың ішінде бірте-бірте қалпына кел­тіріліп жатыр. Мемлекеттік тіл туралы заң қазақ тілін дамытудың жаңа деңгейіне көтерілуге мүм­кін­дік берсе, өзге ұлт өкілдерінің де қа­зақ тілін игеруі мен өздерін осы ел­дің шынайы азаматы ретінде та­нып, ортақ Отанның дамып, көр­кеюіне үлкен патриоттықпен үлес қосуға ұмтылуына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен 1995 жыл­ғы 1 наурызда құрылған Қазақ­стан халқы Ассамблеясының да зор ықпал-әсері бар екені сөзсіз. Өйт­кені мемлекеттік саясаты гуманизм идеялар­ымен үндескен Қазақстан­ның әрбір ісі елдің тұтастығы мен ты­ныштығына нұқсан келтірмеуді мақ­сат тұтады. Оның ішінде еліміз­дегі түрлі этнос өкілдеріне құр­мет­пен қарау басым. Бұл жөнінде Нұр­сұлтан Назарбаев: «Соғыс ке­зінде Қазақстан эвакуацияланған 350 мың адамды қабылдады. 50-жыл­­дары тың игеруге 1,5 мил­лион адам келді, жабық әскери ны­сандарда 150 мың маман және олардың отбасы мүшелері жұмыс істеді. ХХ ғасырдың басынан бастап Қазақстанға барлығы 5,6 миллион адам қоныстанды. Жергілікті ха­лық­тың саны ол кездері 6 миллион­ның шамасында болатын. Қылмыс­тық сипаттағы Сталиндік ұжым­дас­тыру салдарынан 1,5 миллион адам аштан қырылды. Тағы миллионнан аса адам өзін және балаларын аман сақтау үшін бұрынғы КСРО аума­ғынан кетуге мәжбүр болды. Қазақ­тарға жойылып кету қаупі туды. Біздің көпэтностылығымыз осы­лайша қолдан жасалды. Бірақ мұнда біздің жерімізге еркінен тыс келген адамдардың еш кінәсі жоқ. Біз Тәуел­сіздіктің жаңа дәуірінде бар­лық этностарды біртұтас, ұйысқан халыққа айналдыра білдік. Бүгінде бұл – біздің ең басты артықшы­лы­ғымыз. Біздің күшіміз де осында», – деген болатын. Шынын айту керек, елімізде «Алғыс айту» күні белгі­лен­бестен көп бұрын да қазақ хал­қына өз ұлтының атынан риза­шы­лық белгісіндей үнемі қазақ халқын жоғары көтере мадақтап жылы лебіз білдірген, қазақ тілін еркін игеріп, сол тілде кітаптар жазған та­лай тұлғалар болды. Олардың жо­лы бүгінде жалғасып жатыр. Ал «Алғыс айту» күнінің мәніне келсек, ол Елбасы айтқандай, «Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық аза­маты бір-біріне құрмет білдіретін күн. Қазақстан халқы Ассам­блея­сы құрылған күн – 1 нау­рыз­ды жыл сайын барлық этнос­тар­дың бір-біріне және мейірбан­дық танытып, ол адамдарды өз ту­ғанындай қабылдаған қазақтар­ға алғыс айту күні ретінде атап өту әді­летті болар еді. Ол күн бізді бұ­рын­ғыдан да гөрі жақындастыра түс­пек. Бұл күн  – мейірімділіктің, бү­кіл қазақстандықтардың бір-бі­ріне деген достығы мен махаб­ба­тының жарқын мерекесі болады».