Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып отыр. Мысалы, адам жасаған құқық бұзушылық екі мемлекетте де қылмыс деп танылуы керек, оларды беруге екі ел де келісуі тиіс, ал сотталушының өзінен оралуға жазбаша келісім алу да маңызды. Мемлекеттің Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 20 азаматы Корея Республикасында жазасын өтеп жатыр, ал Қазақстанда 1 Корея азаматы түрмеде отыр.