Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның отбасы үшін бірыңғай бағдар түріндегі іс-қимылдың түсінікті алгоритмін құру қажет. Өңірлерде бар арнаулы мекемелерді ескере отырып, оларда бала туған сәттен бастап көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер қарастырылуы керек», – деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында. ҚР Президентінің атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі ерекше балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру бөлігінде нақты жұмыстар жүргізуі қажет. «Бұл іс-шаралардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенімдімін», – Қасым-Жомарт Тоқаев.