Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған көгалдандыру ісіне бей-жай қарамайтын әрбір адам қатыса алады. Назарбаева еліміздегі көгалдандыру туралы бастамаларды біріктіру мақсатында "Қазақстан үшін егілген ағаштар" жобасын ресми түрде іске қосылғанын хабарлады. Айтуынша, платформаның алғашқы жобасы "Ustaz Alany" деп аталады.
"2019 жылдан бері қор (Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры)  "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығын тағайындады. Сыйлық жеңімпаздарының құрметіне қор Нұр-Сұлтандағы "Ustaz Alany" алаңына ағаш отырғызды. Саябақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті маңында орналасады", - деді Назарбаева. Сондай-ақ, "Қазақстан үшін егілген ағаштар" платформасы арқылы "Медицина қызметкерлері паркі" жобасын қолдауға болады. Сол арқылы пандемия кезінде күнделікті жұмыс істеген мамандардың зор еңбегіне алғыс айтуға мүмкіндік бар. "Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай Есіл өзенінің жағалауы мен Наурыз көшесінің бойында акциялар өткізіледі", - деп толықтырды ол. Сондай-ақ, Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде  #trees4kz хэштегін қойып, жобаға қатысып жатқанын көрсетуге болатынын айтты.