Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

25 ақпан, 2021 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.