Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды.
Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген.
Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады. 2005-2010 жылдары - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары - ҚР қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылы - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болды.
2013 - 2019 жылдары - ҚР президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2019 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейін - ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.