Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
25 ақпан, 2021 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады.
Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға болады:
- дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
- Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
- радионуклидтік және радиойодтерапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- протон терапиясы;
- офтальмологиялық қызметтер.