Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды
ашық дереккөзі
COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың айтуынша, балалар арасында ең жиі таралған коронавирус салдарлары - ұйқысыздық, кеуде тұсының қысылуы, жиі шаршау, бұлшық ет пен буындардың ауруы. Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық зерттеулер институтының (Рим) қызметкері Пьеро Валентинидің жетекшілігімен Италия, Ұлыбритания және Ресей ғалымдарының халықаралық тобы балалардағы COVID-19 белгілерінің болуы мен ұзақтығын зерттеді. Нәтижесінде, инфекция басталғаннан төрт ай өткен соң, балалардың 42 пайызы толығымен сауығып кетсе, үштен бір бөлігі аурудың бір немесе екі белгісіне шағымданған, ал төрттен бірінде індеттің үш немесе одан көп белгісі сақталған. Зерттеу авторлары атап өткендей, коронавирустық пандемия кезінде балалар көбінесе назардан тыс қалды, өйткені бұл топта ауру ересектерге қарағанда жеңіл өтті.