Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды
ашық дереккөзі
Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  "Тергеушілер қыздың ұялы телефонмен ваннаға кіргенін анықтады. Оқиға орнында 2008 жылы туған қыздың қолынан желіге қосылған қуаттау құрылғысының сымы табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады", - делінген ведомство хабарламада. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтаған соң процессуалдық шешім қабылданады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейдің Архангельск қаласында да осындай қайғылы оқиға болған еді. Телефонын ваннаға түсіріп алған 24 жастағы қыз электр тоғы соғып, көз жұмған.