Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады
ашық дереккөзі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы қаралды. Басты міндет – студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету.  width= Алматыда 6 жатақхана пайдалануға берілді, 2 нысанға құрылыс жүргізілуде, аяқтау 2022 жылдың басында жоспарлануда. Сонымен қатар, 30 жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа нысандарды салу үшін барлығы 22 жер учаскесі анықталды. Жалпы, Алматыда жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 16 мыңнан астам төсек-орын құру жоспарлануда. Кеңеске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Каспий қоғамдық университеті, Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы технологиялық университетінің басшылығы қатысып, сөз сөйледі. Көтерілген мәселелерге қалалық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов, Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары О.Төлебаев түсініктеме берді.