Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған
ашық дереккөзі
Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам сомаға тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алуға тендер жариялаған. Бұл туралы Михаил Козачков өзінің Telegram каналында жазды. Маңғыстау облысының әкімдігі бұл жағдайды конкурс жариялау кезінде техникалық қате жіберілген деп түсіндірді.
"Қазіргі уақытта деректерді түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Құлатай, мектепке дейінгі мекеме басшысы мен бухгалтерге қатысты шаралар қабылданатын болады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.