Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)
ашық дереккөзі
 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында жарияланған сұхбатында айтты.  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 10 маусымда өткен Президент сайлауынан кейін іле-шала құрылғанын еске салған саясаткер жаңа құрылымға қоғаммен кері байланыс арнасын қалыптастыру, ел ішіндегі түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың, оның ішінде оппозиция өкілдерінің озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаңға айналу міндеті жүктелгенін атап өтті.
«Жуырда басылымдардың бірінде жарияланған мақалада автор Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мәртебесін арттырып, ол туралы жеке заң қабылдауды ұсыныпты. Бұрынғы Парламент мүшесі ретінде, заң шығару саласында тәжірибесі бар адам ретінде айтарым, қабылданатын кез келген заң елдің басты заңы – Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. Егер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылданар болса, ол нақты жұмыс істейтін құжат болуы қажет. Ұлттық кеңес туралы заң қабылдау дұрыс шешім болады деп ойламаймын. Мәселен, Үкімет мүшелерінің Президент алдындағы міндеттері Конституцияда айқын көрсетілген, барлығы Ата заң аясында атқарылады. Ал министрліктердің Ұлттық кеңес алдындағы міндеті қалай белгіленбек? Айталық, заңға барлық ведомстволар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің сауалдарына дер кезінде жауап беруі тиіс деп жазып қоялық. Бұл талап орындалмайды, көр де тұрыңыз. БАҚ туралы заңдағы дәл осындай норма орындалмайтыны ешкімге құпия емес. Журналистер ақпараттық сұраныстарына құзыретте органдардан жауап ала алмаймыз деп шағымданады да жүреді.  Бұл заңның шикілігінен емес, елімізде азаматтық қоғам құндылықтарының әлсіздігінен», – деді Е.Ертісбаев.
https://www.youtube.com/watch?v=5stRIRJFvms&feature=youtu.be