Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды
ашық дереккөзі
Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.  Мәліметке қарағанда, 2018 жылы ол үйіне екі рет келген 20 жастағы актрисаны зорлаған. Актер өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл оқиғалар 2018 жылы тамыз айында актердың Париждегі үйінде болған. 20 жастағы актриса – Депардьенің досының қызы. Бұл оқиға бойынша іс 2019 жылы істің жағдайларын зерттеуге мүмкін болмағандықтан жабылған. Бірақ қыздың адвокатының шағымынан кейін іс қайта қозғалды.  width= Депардье — әлемге танымал француз актерларының бірі. 50 жылдан астам карьерасында ол 200-ден астам фильмге және сериалдарға түсіп, театрда ойнаған. Соңғы жылы Францияның салық қызметімен болған жанжалдан кейін Ресей азаматтығын алған.