Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды
ашық дереккөзі
Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті полиция бөліміне Nissan March көлігімен жол апатын жасап, оқиға орынан қашып кеткен әйел туралы ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары ереже бұзған көлікті анықтаған, алайда жүргізуші келіншек полицейлердің талабын елемей, жасырынуға тырысып, салдарынан оның сонынан қууға тура келген. "Октябрьский көшесінде құқық бұзушы Nissan Teana көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан Nissan March жүргізушісі, 1987 жылы туған әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да жарақат алды", - дейді Амур облысының ІІМБ. Полиция дерегінше, марқұм бұған дейін де Ресей Қылмыстық кодексінің 264 бабы, 4 бөлігіне сәйкес (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) жауапқа тартылған. Аталған дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.