Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды
ашық дереккөзі
Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған келісімшарттан 4,5 млн теңге жымқырған деген күдікке ілінді. «Одан бөлек Б.Әлібеков осы мақсатын жүзеге асыру үшін заңмен тыйым салынғанына қарамастан «Veritas Primus» ЖШС құрып, сол арқылы қаржыны жылыстатқан. Күдікті салынып жатқан жаңа паталогоанатомиялық бюроға құрал-жабдықтар жеткізушінің актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 14 000 000 теңге көлемінде пара алған», – деп мәлімдеді ведомостводан. Қазіргі таңда іс материалдары сот қарауында жатыр.