Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді
ашық дереккөзі

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айырылған. Алайда соған қарамастан ол бірнеше ай өткен соң мас күйінде рульге отырған. «Қайтадан заңбұзушылық жасаған сотталушының екі жылға бас бостандығы шектелді. Қазір азамат пробация қызметінде тіркеуде тұр. Инспекторлар онымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп отырады. Егер ол тағы да заңды аттаса түрмеге қамалуы мүмкін», – деді Шемониха аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Гүлмира Бөлекбаева.