Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады
ашық дереккөзі
Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтт – Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, елге еңбегіңізбен танылдыңыз. Түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. «Анаға апарар жол», «Томирис» және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Елбасы. Әңгіме барысында А.Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.