Өлім жазасын қайта енгізу мәселесін зерттеу керек

Өлім жазасын қайта енгізу мәселесін зерттеу керек

Өлім жазасын қайта енгізу мәселесін зерттеу керек
ашық дереккөзі
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мами Zakon.kz порталында оқырмандармен онлайн-конференция өткізді. Оқырмандар арасында ең көп рейтинг жинаған сұрақтың бірі - өлім жазасына жарияланған мораторийге қатысты болды. «Құрметті Қайрат Мәми. Қазір Қазақстанда террористер де, педофилдер де, адамды аяусыз өлтіретін қылмыскерлер де көбейді. Қоғам қайраткерлері мен депутаттар осындай істер бойынша өлім жазасына қойылған мораторийді алып тастау туралы пікір білдірді. Менің өз басым бұл ұсыныспен келісемін. Бұған қатысты сіздің пікіріңіз қандай?»,-деген Алматы тұрғыны Александр. «Алматыда терроризмге қатысты қылмыстық істен кейін, алты жасар бүлдіршін зорланған Ақтау оқғасынан кейін бұл мәселе көптің аузынан түспейтін болды. Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекске сай, осындай қылмыскерлерге ең ауыр жаза қолданамыз. Тіпті, оларды өмір бойы бас бостандығынан айырамыз. Өлім жазасын қайта енгізу мәселесін әрине зерттеу керек. Бірақ Қылмыстық кодекске өлім жазасын қайта енгізіп, өлім жазасын қолдану қылмыскерлерді тоқтатады деп ойламаймын. Қылмыскерлер өлім жазасынан қорқып, қылмысқа бармай қоймайды. Адам қылмысқа әртүрлі себеппен барады», - деп жауап берген Қ.Мәми.