Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли
ашық дереккөзі
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында: «Халыққа электронды сервистерді пайдалануға қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызет көрсету ісінде де, жеке секторда да биометрияны қолданудың нақты шараларын қабылдаған жөн», – деп нақты тапсырма берген болатын. Бүгінде осы тапсырманы жүзеге асыру аясында мобильдік азаматтар базасында тіркелген нөмірге біржолғы хабарлама түрінде құпия сөзді жолдау арқылы қызметтергеқол қою тетігі іске асырылды. Қазіргі уақытта біржолғы хабарлама түріндегі құпия сөз арқылы қол қойып, 120-дан астам мемлекеттік қызмет түрін және сервис алуға болады. Egov порталында QR-код арқылы мемлекеттік қызметтерге қол қою қызметі іске қосылды. Адамның бет-әлпетін биометриялық сәйкестендіру арқылы қашықтан ЭЦҚ алудың пилоттық жобасы әзірленіп, іске қосылды. Қызметтің осы түрі іске қосылғалы бері жеке және заңды тұлғалар үшін 2,3 миллионнан астам ЭЦҚ шығарылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жеке куәліктер, дипломдар мен жүргізуші куәліктерінің электрондық нұқасын енгізу және мемлекеттік органдардың жұмысын цифрландыру процестерін қамтамасыз ету керектігін тапсырған болатын. Бұл тапсырма аясында қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасында келесі құжаттардың цифрлық нұсқасы қолжетімді.
  • жеке куәлік;
  • жүргізуші куәлігі;
  • туу туралы куәлік;
  • неке қию куәлігі;
  • аты-жөнін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік;
  • неке бұзу туралы куәлік;
  • электронды техникалық құжат;
  • ПТР талдамасының нәтижелері, студент билеті;
  • білім алғаны туралы диплом.
Цифрлық құжаттар қағаз түріндегі түпнұсқаның электрондық нұсқасы және QR-код түрінде жасалады.  width=