Жаңалықтар

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

ашық дереккөзі

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал болған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады. Риза 2017 жылы «Қуғындау» филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде «БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса» номинациясында марапатталады. Ал, 2019 жылы «Чаңандағы бір тәулік» атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең «үздік актриса» атанады.