"Шектеулер қажет емес": ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

"Шектеулер қажет емес": ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

"Шектеулер қажет емес": ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады
ашық дереккөзі
Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым өкілінің айтуынша, биыл да коронавируспен арпалысумен өтеді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады, деді Клюге. "Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кезге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді", – деді бюро басшысы. Осы орайда сарапшы өзінің болжамын ғана айтып отырғанын және пандемияға байланысты жағдайдың қалай өрбитінін әлі ешкім болжай алмайтынын жеткізді. "Қалай болғанда да вирус қалады, бірақ шектеулер қажет емес деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге. Айта кетейік, пандемия басталғалы әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 111,7 миллионға жетті. Қатерлі вирус 2,5 миллионға жуық адамның өмірін жалмады.