Жаңалықтар

Жаңа қаулы: ШҚО-да 4 санитарлық бекет қойылады

ашық дереккөзі

Жаңа қаулы: ШҚО-да 4 санитарлық бекет қойылады

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы №4-1 қаулысы шықты, деп хабарлайды өңірдің санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті. Құжатта Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу қажеттігі көрсетілген. Атап айтқанда Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, өңірдің денсаулық сақтау басқармасы, өңірдің мемлекеттік кірістер департаменті, өңірдің полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Өңірдің бас дәрігері шығарған қаулы кеше, 22 ақпаннан бастап күшіне енді.