Жаңалықтар

Путин мен Лукашенко табиғат аясында демалып, шаңғы тепті

ашық дереккөзі

Путин мен Лукашенко табиғат аясында демалып, шаңғы тепті

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Красная Полянадағы келіссөздерден кейін табиғат аясында демалып, шаңғы тепті. Президенттердің демалу сәтінен түсірілген суреттер Кремльдің ресми сайтында жарияланды.  Путин мен Лукашенконың қысқы спортпен қалай шұғылданғаны жайлы видео федералды арналардан да көрсетілді. Ресей басшысы әріптесіне осылай демалуды ұсыныпты. Табиғат аясында шықпастан бұрын жүргізілген келіссөздерде тараптап Одақтас мемлекет шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ коронавирустық пандемиямен бірлескен күрес мәселесін талқылады. Ресей Федерациясы Беларусь мемлекетіне вакцина жасау технологиясын тапсырды, Белоруссия аумағында препараттың өндірісі осы жылдың наурыз айында басталмақ. Лукашенко сонымен бірге Беларусь күзге қарай өз вакцинасын жасап шығаруға ниетті екенін мәлімдеді.