Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді

Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді

Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді
ашық дереккөзі

Жаңатастағы өрт салдарынан қайтыс болған балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді.

Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Ал мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.