Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалап, түрмеге түсірді
Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалап, түрмеге түсірді
АҚШ-тың Пенсильвания штатында екі оқушы 22 жастағы педофилге қарсы айғақ жинап, оны бопсалады, деп хабарлайды The Morning Call.
Жергілікті тұрғын Кайл Кустер балабақша автотұрағында 14 жастағы қыз бен оның 13 жастағы құрбысымен танысады. Содан кейін ол Snapchat арқылы қыздардың үлкеніне жыныстық сипаттағы видеолар жіберіп, одан жалаңаш суреттерін жіберуді өтінген.
Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалауға бел буып, бопсалай бастайды. Жасөспірімдер одан қалада достарымен серуендеу үшін көлігін беруді талап еткен.
Біраз уақыттан кейін ер адам полицияға шағымдануға мәжбүр болды. Нәтижесінде шындық ашылып, Кустер ұсталды. Қазіргі уақытта ол кепілмен босатылды. Іс сотта 10 наурызда қаралады.