Ақтауда тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды (видео)

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 21 ақпанда Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Көлік тұрағындағы той» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады. Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.

Back to top button