Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты

Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты

Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты
ашық дереккөзі
Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында құрылыс жұмыстары жанданды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде креативті жастарға арналған қоғамдық парк ашылады. Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік кластары, зертханалар, оқу залдары, шоурумдар, кино дәрісхана залдары, көркемөнер студиясы, кітапхана, коворкинг ашылады. Одан бөлек қажетті инфрақұрылым экстрим паркі, өнер паркі, воркаут, спорт алаңдары ашылады. Бұл жоба қалалық кеңесте таңдалды. Осыған ұқсас орындар Нью-Йорк («Хай-Лайн»), Париж, Мәскеу қалаларында бар. «Бұл жерде қонақ үй, тұрғын үй, мейрамханалар салынбайтын болды», - деді басқармадан. Белгілі болғандай, бұған дейін бұл жерде нысан салу мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында инвесторлармен келісілген. Кейін қоғамдық пікір ескеріліп, бюджет қаражатына оған дейін жоспарланған лофт-орталық таңдалып алынды. Depo Evolution Park жобасының құрылысын 2021 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған апат салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.