Нұр-Сұлтанда карантин қашан жеңілдетіледі – Бас санитар жауап берді

Елордада карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Оның сөзінше, астана 30 қаңтарда «сары» аймаққа шықты, бірақ 8-10 ақпан аралығында, үш күн «қызыл» аймаққа қайта оралды. Ал соңғы онкүндікте «сары» аймақта тұрақтады.

«Осыған байланысты қазір белгілі бір шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қаралып жатыр. Егер осы аптада тұрақты түрде «сары» аймақта тұрсақ, әрине, карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін», – деді Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, елорданың бас санитары қаладағы білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасына тоқталған болатын.

Бейсенованың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 785 жағдай анықталған. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда.

 

Back to top button