Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?

Қоғамдық орындарда тегін WI-FI көрсек, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Жұмысымызды тез бітіру үшін, тегін желіге қосылуға асыққанымыз соншалық жеке деректеріді қолды болып жатқанына бейғам қараймыз. Алайда қорғалмаған желінің қаупі жоғары.

2 2

WI-FI-ға қосылудың екі мүмкіндігі бар. Тиімді және тиімсіз. Қорғалған желіге бекітілген құпия сөз арқылы кіре алады. Барлық деректер сақталады. Қүпия сөздің өзі 12 таңбадан тұрады. Әріптер, сандар және басқа таңбалардың кез-келген тіркестері болуы қажет. Құпия сөзді жиі ауыстырған жөн.

3 2

Тиімсіз, яғни қорғалмаған желі ешқандай құпия сөз сұрамайды. Деректердің қауіпсіздіктеріне жауап бермейді. Мамандардың айтуынша, тегін желіге қосылған адамның жеке деректерінің 70%-ы қолды болу қаупі бар. Тегін желіге қосылғанда банк карточкаларымен онлайн сауда жасауға мүлде болмайды. Хакердің жұмысы жеңілдеп, айласын іске асырып, жеке адамның дерегін жылдам тарата алады. Тегін желіге қызықпаған жөн, өйткені зияны көп.

4 2

Сонымен қатар, VPN-ге арналған қосымшаны жүктеп, тұрған жеріңізді аноним етіп, деректерді сақтау мүмкіндігі бар.

Қауіпсіздік шараларын сақтап, алдын алу үшін тегін желіні қолданбау керек. Әрқашан жеке интернет желісін пайдалану қажет. Күдік тудыратын сайттар мен сілтемелер ноутбук пен ұялы телефонға кері әсерін тигізеді.

 

Омар Қызғалдақ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті

 

Back to top button