Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)

Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)

Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)
ашық дереккөзі
21 ақпан, жексенбіде Мексикада елдің әуе күштерінің реактивті жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды El Universal. Learjet маркалы ұшақ Веракрус штатының астанасы Халапа қаласының жанында құлады. Апат орнына құтқарушылар мен билік өкілдері келді. Апаттың себептері әлі аталған жоқ. Кейінірек Мексиканың Қорғаныс министрлігі әуе кемесінің Веракрус штатындағы Эль-Ленсеро ұлттық әуежайынан ұшқанын хабарлады. Алты әскери қызметкер оқиға орнында қаза тапты. Министрліктің әуе апаттарына қатысты тергеу және төрешілік жөніндегі комиссиясы төтенше жағдайдың ықтимал себептерін анықтайды. https://www.youtube.com/watch?v=e6nxtXxKWaY&feature=emb_logo