Жаңалықтар

Көшелерге күйеуі мен туыстарының атын берген шенеунік жұмысынан айрылды

ашық дереккөзі

Көшелерге күйеуі мен туыстарының атын берген шенеунік жұмысынан айрылды

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік қызметінен айрылды, деп хабарлайды РИА Новости. Елдің солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше көше атауын күйеуі мен оның туыстарының құрметіне қойғаны үшін жұмыстан босатты. "Тұрғындардан көптеген шағым түскеннен кейін Кафр-Шукрды қаланы абаттандыру департаментінің басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Шағым жаңа қала жоспарында бірнеше көше атауы оның күйеуі мен туыстарының құрметіне өзгертілгенімен байланысты. Іс тексеріс жүргізу үшін әкімшілік прокуратурға берілді. Аталмыш факті расталған жағдайда оған заңға сай шара қабылданады", - дейді губернатор Абдулхамид Хадджан. Губернатордың сөзінде, шенеуніктің әрекеті заңды өрескел бұзу болып табылады, себебі көшелерге атау беру туралы шешімді жергілікті халық кеңесі немесе арнайы комитет қабылдайды. Қызметінен асыра пайдаланған әйел барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше,  қала тұрғындарының бірі шағымдану арқылы одан кек алып, жұртқа танымал болуды көздеп отыр.