Жаңалықтар

Белгілі дизайнерді өлімі: Айыпталушы 11 жылға сотталды

ашық дереккөзі

Белгілі дизайнерді өлімі: Айыпталушы 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды. «Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталаушы қаза тапқан жігіттің отбасына 10 млн теңге моральдық залал өтеуге міндетті»,- деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі. Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.