Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

22 ақпан, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына екпе №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты. Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған.