Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына екпе №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты.  width= Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған.