Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді

Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді

Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 22:50 шамасында 41 жастағы азамат заңды некедегі әйелін ұрып жатқанын айтып, полицияға хабарлама берген. «Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары тексеру жүргізді. Тексеру кезінде аталған азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 1-бөлімімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарлады департаментінен.