22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Дүйсенбі, 22 ақпан күні фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, – деп хабарлады Қазгидромет. Кей жерде қар жауады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу боран соғады, жел күшеюі мүмкін. Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жамбыл облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облстарының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Кызылорда облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.