«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды. «Мен бұл кездесуге ұзақ дайындалдым. Отбасыма, командама оралдым. Жақсы қарсыласпен жақсы жекпе-жек болды. Бұл жігітке рақмет, ол – қарымы мықты қарсылас. Мен оны құрметтеймін. Мен бәріне дайынмын. Кеше айтқанымдай, Қытайда туып-өстім, Қазақстанда тұрамын, мен – түркімін, мен – мұсылманмын, менде қанша жанкүйер болуы мүмкін. Канело менімен жекпе-жекке шығуы керек! Шаршы алаңға Рамазан айы жақындап келеді. Рамазаннан кейін ораламын», – деді Қанат Ислам кеш соңында. Марапаттау рәсімінде кеш жүргізушісінің «Келесіде кіммен жұдырықтасқың келеді?» деген сұрағына Қанат «Мен Канелоны қалаймын. Болды. Канело, vamos! Канело, сен мені көріп тұрсың! Шығайық, жұдырықтасайық!» – деп жауап берді. Сөз соңында 36 жастағы қазақстандық боксшы жеңісін 20 ақпан күні Жаңатаста өрттен қаза болған бес сәбиге арнайтынын жеткізді.