Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті. Қанат бастапқыда ганалық Ободай Саймен (35-3-1, 26 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Алайда ганалық былғары қолғап шебері белгісіз себептермен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Нәтижесінде Қанат эквадорлық Джейсон Миндаға (14-3-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасып, жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Қанат кәсіби рингте өткізген 28-кездесуінде жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәл осы бокс кешінде жұдырықтасқан Қазақстан тумасы Димаш Ниязов та қарсыласын жеңген болатын. https://www.youtube.com/watch?v=Gebd5p8V3_g&feature=emb_logo