Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полициясының қызметкері Димаш Ниязов  (13-1-3, 6 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.   Соңғы рет 2018 жылы шаршы алаңға шыққан Димаш аргентиналық Джонатан Годойға (5-7, 0 КО) қарсы жұдырықтасып, алты раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, 32 жастағы Димаш кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп отыр.