Президент Жаңатастағы қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

Президент Жаңатастағы қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

Президент Жаңатастағы қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Президент Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы өрттің салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысымен бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді", - деп жазды Берік Уәли.