Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды
ашық дереккөзі
Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі (пәтердегі) өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев хабарлады. - Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады, - дейді Ратаев. Өз кезегінде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертханасының алдын-ала зерттеу мәліметтерін жариялады. Өз кезегінде ТЖ департаментінің бастығы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананы зерттеудің алдын ала деректерін жариялады. - Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде орын алды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған, - деп атап өтті ТЖД басшысы. Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. - Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Кеше комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына барып, жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыздан барлық қажетті көмек көрсетіледі, соның ішінде психологиялық көмекті және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қол ұшын береміз, - деп Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына көңіл айтты. Оның айтуынша, отбасы толыққанды, отағасы мекемеде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім). Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде өрттен зардап шеккен 60 жастағы әйел туралы қауесеттерді жоққа шығарды. - Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқа зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті Ұ. Жазылбек.