Түркістандықтар қоныс тойын тойламақ

Түркістандықтар қоныс тойын тойламақ

Түркістандықтар қоныс тойын тойламақ
ашық дереккөзі
Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды. Биылғы жылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.